9 жастағы екі оқушысы күкірт қышқылы мен жеміс шырынын шатастырып алып, адам төзгісіз азапта көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, балалар бір достарының туған күнінде болған. Сол кеште олар қарапайым жеміс шырынының бөтелкесіндегі сусынды ішпек болған.
Ариан Сингх пен Сахил Санкар Оңтүстік Үндістанда тұрған. Олар достарының туған күнінде жүргенде шырынның бөтелкесін көрген, алайда оның ішінде күкірт қышқылы бар екенін білмеген. Екеуі бірнеше рет ұрттап жібергеннен соң, жерге сылқ ете құлап, көз жұмған.
Белгілі болғандай, туған күн иесінің әкесі күкірт қышқылын өзінің шеберханасында қолданады екен, сол үшін де оны ескі бөтелкеде сақтағанды жөн көріпті.
Оставить комментарий