Б. Сағынтаев бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің отырысына қатысты

/uploads/thumbnail/20170929164034713_small.jpg

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайлы.

Отырыс барысында Yellow Pages Rule қағидаларын іске асыру тетіктерін жетілдіру мәселелері, корпоративтік басқаруды жақсарту шаралары мен негізгі құралдарды жаңартуды ынталандыруға, өндірістерді жаңғыртуға, сондай-ақ төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізуге бағытталған шаралар жүйесі талқыланды.

Айта кетейік, 2015 жылдың көктемінде Yellow Pages Rule қағидаларын бекітетін заң қабылданды. «Сары беттер ережесі» - бизнесті мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектейтін іс-қимылдарынан тиімді қорғауға арналған. Сонымен қатар, егер бәсекелестікті шектеу тұрғысынан болған жағдайда, мемлекеттің қатысуымен бизнес құруға тыйым салатын норма тіркелген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи