Алматының Алатау ауданында тұрғындар орамалға оралған сәбиді тауып алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Patrul.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Сәбиді тауып алған тұрғындар оны әу-баста орамалға оралған күшік деп ойласа керек. Алайда жақындап қараған кезде сәбиді көріп таңқалған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жеткен. Жедел жәрдем баланы ауруханаға жеткізіп, тексерістен өткізді. Оның дүниеге келгеніне небәрі 4-5 күн болған екен. Қазіргі уақытта осы оқиға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Баланың анасы мен оның туыстарын анықтау шаралары жүргізілуде.
Оставить комментарий