Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз аль Сауд тарихта алғаш рет Ресейге келген. Арабия королінің бұл сапарына Ресей бірнеше жыл дайындалыпты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп хабарлайды. Корольді әуежайда монархтың портреті салынған плакаттар мен ресейлік-арабиялық инвестициялық қоры қошеметпен күтіп алды. Корольмен бірге Мәскеуге 200 шенеунік пен 85 ірі компаниялар жетекшілері келген.
Сарапшылардың пікірінше, Ресей Сауд Арабиясынан ірі масштабты инвестицияларды, көптеген келісімшарттарды күтеді. Ал, Сауд Арабиясы тиісінше Ресейден Иранмен арадағы жағдайдың өзгеруін қалайды.
Иран - Сауд Арабиясының стратегиялық дұшпаны. Екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұр. Арабия Иранның Сириядағы, Ирактағы, Йемендегі және катар кризисіне араласқанын мүлдем қаламайды.
Сауд Арабиясы Ресеймен қарым-қатынаста Иранның бөгет болуына жол бермейді. Арабия Ресейдің Иранды қарумен қамтамасыз етіп отырғанына алаңдаулы. Корольдің Ресейге келудегі мақсаттарының бірі Иранға деген Ресейдің көзқарасын өзгерту.
«Сауд Арабиялықтар Ресей мен Иранды Сирия мәселесіне келгенде ауыз жаласқан, серіктестер деп айтуға келмейтінін біледі. Себебі Сирияға келгенде әркімнің өз көзқарасы бар. Сирия болашағын әркім әртүрлі көреді»-дейді сарапшылар.
Ресей мен Сауд Арабиясының бірдей маңызды қызығушылықтары – мұнай мен мұнай химиясы. Сауд Арабиясы мұнайды табатын және экспорттайтын әлемдегі ең алпауыт мемлекет. Осы орайда Ресей Сауд Арабиясымен мұнай мәселесіне байланысты келісімшарттар жасасуға ниетті.
Оставить комментарий