Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті мемлекет қайраткері, əдебиет сыншысы, жазушы-публицист Сағат Əшімбаевтың 70 жылдығына арналған "Ұлттық интеллигенция: қарыз бен парыз" Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы сөз бастап, жастарға "Қарыз бен парыз" өлеңін оқып берді. Сонымен бірге қара шаңырақ мұрағатында сақталған Сағат Əшімбаевтың құжаттарын қоғам қайраткерінің жары Шəрбану Қонақбайқызына табыстады.
Алматы қаласы əкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы қазіргі қазақ əдебиетіндегі сынның сын көтермейтінін тілге тиек етіп, Сағат Əшімбаевтың орны ойсырап тұрғанын айтты. Қазақ əдебиетінің сынына тележурналистиканың қосқан үлесін айтып, "Қарыз бен парыз" тележобасының қоғамда алған орнын сөз етті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанұлы Сағат Əшімбаевпен өткен күндерді еске алып, сыншының жастарға артқан сенімін де ескертті.
Сонымен қатар, конференцияда жазушы Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубай, әдебиет сыншысы Құлбек Еркөбек қонақ болып, сөз сөйледі.
Жиын соңына қақарай экономист, қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Сағат Әшімбаевтың ұлы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.
Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегері, ҚазҰУ журналистика факультетінің 3-курс студенті өзінің арнау өлеңін оқыды.
Оставить комментарий