Ресейде ұлтшыл кондуктор қазақстандықтарды автобустан қуып шықты (видео)

/uploads/thumbnail/20171006171610745_small.png

Аталмыш оқиғаның куәгерлері болған жолаушылар кондуктордың бұл ісіне наразылық білдіріп, полиция қызметкерлеріне шағым жасаған. Ендігі кезекте ол кондукторды жұмыстан қуу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес, кондуктор қазақстандықтарды ақша үнемдеу үшін жалған студенттік куәліктерді пайдаланып жүр деп айыптаған.

Алайда тағылған айып негізсіз болып табылған, себебі олар шын мәнісінде педагогикалық университеттің студенттері болып шықты. Қазақстандық студенттер қоғамдық көліктен шығудан бас тартқан, кейіннен кондуктор әйел ашуланып, олардың ұлтына – «қазақтарға» - былапыт сөздер айтып, намыстарына тиіп сөйлей бастаған.

Ұлтшыл кондукторды өзге жолаушылар тоқтатпақ болған, алайда ол өзгелердің сөзіне құлақ аспай, қазақстандық студенттерге қаратып біршама ауыр сөздер айтқан.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи