Өзбекстан азаматтары мінген қазақстандық автобус Ресейде апатқа түсті

/uploads/thumbnail/20171007091808487_small.jpg

Ресейде ірі көлемде жол апаты орын алды. Владимир облысы Пакровка елді мекенінде Мәскеуден Шымкентке одан әрі Өзбекстанға бет алған автобус темір жол  өткелінде сағат таңғы 3.39 шамасында апатқа ұшыраған. Қазақстандық нөмірлі «Мерседес» маркалы ақ автобус өткелге жеткен сәтте маторы өшіп қалады. Бұл уақытта барлық жолаушылар ұйықтап жатқан. Автобус жүргізушісі 15 адамды оятып, автобусты жылжытпақ болған, алайда сол уақытта пойыздың келе жатқаны жайлы хабарды естіген. Автобустың сыртында болған жолаушылар жан-жаққа қашып үлгерген, ал пойыз автобустың бүйірінен соққылап, бөлшектеп тастаған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Соңғы мәліметтер бойынша автобустың ішінде 57 адам болған: қазақстандық 2 жүргізуші мен өзбекстандық 55 жұмысшы. Олардың ішінде балалар да болған. Қазір Владимир ауданының дәрігерлрі 2 баланың өмірі үшін күресіп жатыр.  Бұл туралы оқиға орын алған ауданның әкімі Светлана Орлова хабарлады.

apat

Жүргізушілердің біреуі оқиға орнында көз жұмған. Тергеушілер екінші жүргізуші апаттың мән –жайын айтып береді деп үміттеніп отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандық екі жүргізушінің біреуі – Данияр Шілдебаев. Ол 1970 жылы дүниеге келген. Оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі – Нұрғали Сарманов. 1977 жылы дүниеге келген.

apat

Ресейлік тергеушілер қазақстандық автобустың және Өзбекстан азаматтарының Ресейге не үшін келгенін анықтап жатыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи