Әлемдегі ең үздік брендтердің рейтінгісі қандай?

/uploads/thumbnail/20171007094054050_small.jpg

Interbrand Халықаралық агенттігі Best Global Brands – биылғы 2017 жылдың ең үздік брендтерін жариялады деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып жазады.

Бұл рейтингтің алғашқы орындарды: Apple, Google және Microsoft иеленіп отыр. Ал, сән әлемінің үздігі деп есептелген Louis Vuitton бренді бар болғаны 19 орынға тұрақтады. Interbrand агенттігінің директоры Ребекка Робинс: «Сән үйінің мұндай жаһандық рейтингте 19-шы орын алуының өзі - үлкен жетістік. Бұған басты себеп болған аталмыш сән үйінің Supreme брендімен бірлескен ұтымды коллаборациясы болды» - дейді. Ең үздіктер тізімін жасау барысында брендтің кірісінен бөлек, оның қоғамдағы белсенділігі мен танымалдығы да есептелген. Сән әлемінің өзге алыптары да бұл тізімнен тыс қалмады. Мысалы, Hermès 32 орынға, Gucci 51 орынға, Burberry 86 орынға, Prada 94 орынға тұрақтады.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи