Кариб бассейнінде «Нейт» деп аталатын тағы бір алапат дауыл соғып, дүлей желден Орталық Америкадағы Никарагуа мен Коста-Рика елінде 22 адам қаза тапты.Тағы 15 тұрғын жоғалып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. Коста-Рикада төтенше жағдай жарияланып, 3 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жойқын дауыл нөсерге ұласып, елді мекендерді су басып жатыр. Теміржолдағы қатынас тоқтатылып, жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді. Мамандар дүлей желдің АҚШ аумағына бет алғанын айтады. Ол алдымен Юкатан жарты аралына, содан кейін Флорида, Луизиана және Алабама штатына соқса керек. Қазір бұл аймақтарда қауіптің алдын алуға қам-қарекет жасалып жатыр.
Оставить комментарий