Медведев бүкіл елді ДАИШ-қа қарсы күш жұмылдыруға шақырды

/uploads/thumbnail/20171009100147811_small.jpg

РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев терроризмді жеңу үшін әлемнің бүкіл елдері күш біріктіруі қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасай отырып.

«Барлық елдер өздерінің ішкі алауыздықтары мен келеңсіздіктерін шетке ысыра тұрып, ДАИШ және өзге де террористік топтардың көзін құрту үшін күш біріктіруі қажет», - дейді Медведев.

Оның айтуынша, терроризмнің бүкіл әлемге кеңінен таралуы – өте үлкен қатер.

«Оларға тек біріксек қана қарсы тұра аламыз. Мүмкін болған күштердің барлығын біріктіріп, халықаралық құқыққа сүйене отырып бірлесе жеңуіміз қажет», - дейді РФ премьері.

Айта кетер болсақ, ДАИШ террористер тобынан Сирияның басым бөлігі азат етілді деген ақпарат тараған болатын.

Связанные Статьи