Ерболат Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170911125704993_small.jpg

Бұл туралы үкіметтің 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 600 қаулысында көрсетілген. Cондай-ақ, Тимур Сүлейменовтің ҚР үкіметінінің Ұлттық банктегі өкілі міндетінен босатылғаны айтылады, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаулының қол қойылған күннен бастап жүзеге асатыны айтылады.

Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған.

Ал тамызда Досаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Связанные Статьи