7 қазанда Ресей президенті Владимир Путин өзінің 65 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Бәрімізге мәлім, Ресей мен Қазақстан бірнеше жыл көлемінде стратегиялық және достық қарым-қатынасты үзбей келеді. Соған қарамастан Ресей басшысы Қазастанға қатысты небір теріс пікірлерін білдірген сәттері де жоқ емес. Путиннің Қазақстан жайында айтқан даулы пікірлерін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.
«Қазақтарда мемлекет болмаған»
2014 жылы «Селигер-2014» жастар форумында Путин Қазақстан жайында көп айтты, әрі басшының әр айтқаны қазақ қоғамына түрпідей тиді.
«Қазақтарда мемлекет болмаған. Оны құрған Нұрсұлтан Назарбаев», – деген еді Путин.
Сондай-ақ форумда сөз сөйлеген Путин Қазақстанның Ресеймен тығыз стратегиялық байланыста екенін мәлім етті. Путиннің сөзінше, Назарбаев бұрын-соңды болмаған мемлекеттен үлкен мемлекет құра білді.
Путин Қазақстан президентін сауатты басшы деп атады

«Постүкіметтік ауқымда ол ең сауатты президент. Ол халқының еркінен тыс ешқандай қадамға бармайды, халқының не қалайтынын жақсы біледі. Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуы Назарбаевтың біліктілігі, ұйымдастырушылық таланты, саяси сауатының арқасында жүзеге асты».
«Қазақстанға ұлтшылдықтың оралуы бізді алаңдатып отыр»

«Егер Назарбаев мырза лауазымынан кетсе, «украиналық сценарийді» дамтыу мүмкін бе?», – деп сауал тастады Ресей халықтар достығы университетінің өкілі жастар форумында.
Путиннің жауабы мынадай болды:
«Бізді алаңдатып отырған жағдай – Қазақстанға, әсіресе елдің оңтүстік аймағына ұлтшылдықтың оралуы.
Қазақстан – бізге стратегиялық серіктес, әрі одақтас мемлекет. Әрине, халқының саны жөнінен Ресейден 10 есеге кем. Қанша халық? 15 миллион аған... Соның өзінде еуропалық стандарт бойынша ірі мемлекет».
«Біздің Универсиада Қазақстаннан да жоғары деңгейде өту керек»

Ресей президенті Владимир Путин Алматыда өткен Универсиаданың жоғары деңгейін атап өтіп, 2019 жылы Красноярскіде өтетін Универсиада одан да керемет өтуі тиіс екенін ескертті.
«Біздің Универсиада Қазақстаннан да керемет өтетін болады. Барынша тырысатын боламыз. Қазақстандық достарымыздың біз үшін алаңдайтыны айқын. Спортшылар лайықты дәрежеде өнер көрсетуі үшін бар жағдайды жасау – біздің міндетіміз».
Алайда Путиннің аталмыш пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.
Дереккөз: ztb.kz
Аударған: Гүлім ЖАҚАН