Ресейдің Ростов қаласындағы «Тамерник» базары толық өртеніп кетті (видео)

/uploads/thumbnail/20171009145009046_small.jpg

Тоғызыншы қазанға қараған түні Ресейдің Ростов қаласындағы «Тамерник» базары отқа оранып, өрттің аумағы 40 мың шаршы метрді құрады, -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жексенбі күні кешкі сағат 21.00 шамасында Ростов қаласындағы «Восточный» немесе «Тамерник» деп аталатын  ірі көтерме сауда орталығында  40 мың шаршы шақырымды қамтыған өрт болды.

Бұл төтенше жағдай соңғы күндердегі аса ірі өрттердің бірі болды, оның алдында «Синдика» құрылыс орталығы жанып кеткен болатын. Бастапқы кезде базардың тек 600 шаршы шақырымы ғана жанып кетсе, артынан өрт сауда қатарларына да шарпыған.

Өрт жұмыс сағаттарынан тыс уақытта болғандықтан, ешкім жапа шекпеген. Дәл қазіргі уақытта полиция қызметі өрттің себептерін нақтылауда.

Связанные Статьи