«Бізде зейнетақы қырғыз азаматтарының зейнетақысына қарағанда 2,6 есе көп»

/uploads/thumbnail/20171009164338372_small.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы айтқан пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында Қырғызстан президенті екі елдегі зейнетақы мөлшерін салыстырған болатын. "Біз әрдайым қандай да бір мәселе болса да бір-бірімізге көмектесіп келгенбіз", - деді министр Тамара Дүйсенова үкімет сағатының үзілісінде. 

"Әлеуметтік төлемдер мен оның деңгейін салыстырсақ, бұл әрбір елдің жеке өз мәселесі. Бізде аз немесе көп деу - менің тарапымнан және өзге тараптан айту дұрыс емес. Зейнетақы мөлшерін айтсақ, бізде Қырғызстан азаматтарының алатын зейнетақысы қарағанда 2,6 есе көп. 1 қаңтардан тағы да өсіретінімізді білесіздер. 1 шілдеде базалық зейнетақы қайта қаралды, осыны ескерсек, келесі жылы бұл айырмашылық 3,5 есеге жетеді", - деді Тамара Дүйсенова.

Мұның алдында ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Связанные Статьи