Абаев Электр байланысын дамыту бойынша бүкіләлемдік конференцияға қатысты

/uploads/thumbnail/20171009174159194_small.jpg

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Буэнос-Айрестегі жұмыс сапарында Электр байланысын дамыту бойынша бүкіләлемдік конференция шеңберінде екіжақты кездесулер өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Министр 8 қазанда Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Х. Джаомен кездесті. Кездесуде Қазақстанның ауылдық елді мекендерін оптикалық-талшықты желілермен қамту мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Д. Абаев Жапонияның Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру және халықаралық байланыс жөніндегі вице-министрі Масахиро Томинагамен кездесті. Екіжақты кездесу барысында ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және интернеттегі заңсыз контентке қарсы тұру мәселелері талқыланды. 

«Жапония – бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту саласында мол тәжірибесі бар елдің бірі. Әсіресе бізді Жапонияның осы саладағы заңнамасын дамыту жолдары қызықтырады. Бүгін Жапонияның телеконтенті әлемде АҚШ-тан соң 2-ші орында тұр. Сондай-ақ біз Жапонияның цифрлық хабар тарату саласындағы тәжірибесімен де танысқымыз келеді», – деді министр Д. Абаев.

Связанные Статьи