Пластикалық отадан өзгерген үш әйел әуежайдағы құжат тексерiсiнен өтпедi

/uploads/thumbnail/20171009190225113_small.jpg

Оңтүстік Корея әуежайында ұсталған үш әйел пластикалық отадан соң, құжаттарындағы суреттен түбегейлі өзгеріп кеткен, -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Үш әйел де қытайлық және олардың беттері ұсқынсыз болып ісіп, оның айналасын орамалмен байлап алған.

mirror.co.uk

Сұлулық отасын жасатқан үш қытайлық әйел өздерінің құжаттарындағы суреттеріне мүлдем ұқсамайды. Олардың әуежайда күтіп отырғандағы суреттері желіге тарап, жұрттың күлкісіне қалды.

Бір суреттің өзіне 51,000 рет «ұнайды» басылып, 23,000 рет таратылған.

Барлық құжаттары мен билеттерінің дайын тұрғанына қарамастан, олар өздерінің құжаттағы азаматшалар екендігін дәлелдей алмай отыр.

«Снапчат» желісіне таралып, 30,000 жуық пікір жинаған суретте үш әйел көші-қон қызметінде өз кезектерін тағатсыздана күтіп отыр.

Қазіргі кезде үш әйелдің Қытайға жіберілу-жіберілмеуі әлі де белгісіз.

Оңтүстік Корея Қытай қыз-келіншектері үшін алдыңғы қатарлы сұлулық отасын жасату мекені болып жарты ғасырға жуық қызмет етіп келеді. Оған қоса ,ота жасатқандардың беттері жазылып кетуі үшін, Оңтүстік Кореядан тікелей Африкаға арналған сафари саяхаттары бар.

mirror.co.uk

Бұл жағдай өткен жолы қуыршақ «Кен» аталып кеткен Родриго Алвестің басынан өткен болатын. Ол Дубайға барар кезінде, әуежайда құжаттағы суретіне ұқсамағандықтан ұсталып, 3 сағаттан кейін босатылған еді.

Связанные Статьи