АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың сырқы келбеті ғаламторда қызу талқыланды, -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мелания Трамптың латынамерикалық мейірімділік қорына киген киімі көпшіліктің көңілін қалдырды. Танымал блоггерлер бірінші ханымның киіп алғаны мұндай дәрежедегі іс-шараға мүлдем сәйкес келмейтіндігін айтты. Алайда оның қызыл белдемшесі дұрыс таңдалған делінді, себебі ол фламенко үлгісінде және Латын Америкасы мәдениетіне деген құрметін көрсетеді. Сондықтан ол «үздік дипломаттық қадам» деп бағаланды.

Батыс басылымдарына сүйенсек, бірінші ханымның бұл кеште киген киіміне 5 мың АҚШ доллары жұмсалған.