Алматыда мектеп түлектерінің форумы өтеді

/uploads/thumbnail/20171005131547831_small.jpg

11-ші қазанда сағат 11.00-де Медеу аудан әкімінің бастамасымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстан» қонақ үйіндегі «Grand Ballroom» банкет залында  мектеп түлектерінің форумы өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Форум алғаш рет 2016 жылы  өткен. Қазір аталмыш форумды өткізу Медеу ауданы үшін дәстүрге айналды деуге болады.

Форумның басты мақсаты - еліміздің түрлі саласында қызмет етіп, таңдаған мамандығында жетістіктерге жеткен мектеп бітіргендер мен мектеп арасында байланысты арттыру. Жастармен ұдайы түрде кездесулер ұйымдастыру арқылы, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабастығын жалғастыру.

Қалада өткен ғасырдың 20-30 жылдары ашылған ескі  мектептер орналасқан. Олар -  №28 мектеп-лицейі, №12, 56, № 35, № 4 гимназиясы, № 52 жалпы білім беру мектебі. Арасында жаңа ашылған мектептер де  бар. Тек тәуелсіздік жылдары аралығында Медеу ауданында мектептен 30000 астам түлек шыққан.

2016 жылы өткен алғашқы форумнан кейін жаңа мектеп алаңдары салынып, ескілері жөндеуден өткізілді (жалпы сомасы - 43 млн. 56 мың теңге),  акт залдары жаңартылды, мектеп жиһаздары, компьютерлер, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды (жалпы сомасы 5 млн. астам теңге). «Ұрпақтар сабақтастығы» акция аясында әр жылғы түлектер жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, өздерінің өмір жолдарын айтып, тәжірибе алмасып, түрлі мамандықтар туралы білуге көмектесті, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Аудан аумағында мектептерде 74 кездесу өтіп, оған 6000-нан астам оқушы қатысты.

Алғашқы форум қорытындысы бойынша, 2017 жылдың қаңтарында түлектер сайты құрылды. Сайтта әр жылғы түлектер туралы деректер, өткізілген акциялар мен шаралар,  демеушілік және қайырымдылық көмектер туралы ақпарат бар. Сонымен қатар, түлектер өзара байланысып, бастамаларды ұсынып және қолдап, мектеппен тығыз қарым-қатынаста болады. Қазіргі таңда сайтқа 2015 ауданның мектеп түлектері тіркелген, күнделікті сайтқа 2000 адам кіреді.

Форумға түлектер, табысты кәсіпкерлер, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, өнер және мәдениет қайраткерлері, заңгерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, мектеп директорлары, ата-аналар барлығы 500-ге жуық адам қатысады.

Форумның негізгі спикерлері:

Медеу ауданының әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлы - «Модернизация общественного сознания, поддержка и социальное уважение к малой родине – основание общенационального патриотизма», «ҚР Еңбек Ері», Алматы қаласының құрметті азаматы, ҚР білім ардагері Миразова Аягүл Төреқызы - «Поддержка образования – важнейшее направление деятельности общества», композитор, пианист, Халықаралық сайыстардың лауреаты, № 159 гимназияның түлегі Абдысағын Рахат-би Төлегенұлы, тележүргізуші, актриса, № 12 гимназияның түлегі Веронская Майя Владимировна және т.б.

Алдағы уақытта ауданның әр мектебінде Түлектер Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, «Ұрпақтардың сабақтастығы» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру және тәрбие жұмысын жүргізу үшін аудан мектептерінің түлектерін - бизнес, мемлекеттік құрылымдар, ғылым, мәдениет өкілдерін белсенді тарту. Ал 2017 жылдың қазан айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін түлектермен кездесулер кестесін бекіту, Медеу ауданы мектептерінің ең үздік түлектері туралы кітап шығару, әртүрлі мамандық өкілдері қызметіне объективті көзқарас қалыптастыру мақсатында мемлекеттің дамуына белгілі үлес қосқан өндірістік мекемелерге, жекеменшік фирмаларға және басқа құрылымдарға бару арқылы оқушылармен мансаптық бағыттау жұмысын ұйымдастыру жоспарда.

Связанные Статьи