Германияда «Гете мұнарасы» толығымен өртеніп кетті (видео)

/uploads/thumbnail/20171012162343757_small.jpg

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 12 қазанға қараған түні аты аңызға айналған «Гете мұнарасы» толығымен өртеніп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасай отырып. Өрт сөндірушілер құрылысты құтқару мүмкін болмағанын мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер келіп жеткен сәтте толығымен өрт жаулап үлгерген ағаш ғимарат қирай бастаған.
Биіктігі 22 метр ағаш ғимарат 1867 жылы тұрғызылған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғына таман тозығы жеткен ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

1931 жылы Гетенің  өмірден озғанына 100 жыл толуына орай 43 метрлік ғимарат тұрғызылған. Оның айналасына 3 га жуық саябақ көрік беріп тұр. 2014 жылы көктемде ғимарат күрделі жөндеуден кейін ашылған болатын.

Мұнара қаланың ең танымал ғимараттарының біріне айналып, Германиядағы ең биік ағаш мұнаралардың бестігіне енген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи