АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шығады

/uploads/thumbnail/20171013093544977_small.jpg

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті БҰҰ-ның арнайы құрылымы ЮНЕСКО  ұйымнан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Осы орайда ЮНЕСКО басшысы АҚШ-тың ұйымнан шығатынына  өзінің өкінішін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі golos-ameriki.ru-ға сілтеме беріп.

2018 жылдың  31 желтоқсанында бұл заң өз күшіне енеді. АҚШ-тың мұндай қадамына халықаралық ұйым қарызының ұлғаюы, реформаның жүргізілмеуі және Израильге қарсы позициясы алаңдаушылық туғызып, түрткі болған.

Алайда америкалық тарап ұйым жұмысына бақылаушы ретінде қатысып, атсалысқысы келетінін атап өтті.

ЮНЕСКО – бұл БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселесімен айналысатын арнайы құрылымы. 1945 жылы құрылған ұйымға бүгінде әлемнің 200-ге жуық елі мүше. 

Связанные Статьи