Күн күрт суытуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20171013133453486_small.jpg

Қазгидромет 14-16 қазан демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақстан территориясына жылы және жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон өтіп барады. Оның соңынан батыс өңірден атмосферлық ағындар келеді және шығысқа қарай жылжу кезінде кей жерлерде жаңбыр жауады», - делінген хабарламада. Тропосферада оңтүстік-батыс ағындардың және Таяу Шығыс аудандарынан ауа массаларының келуі сақталады, сол себептен ағындардың өтуіне байланысты температураның күрт төмендеуі күтілмейді, деп мәлім етті синоптиктер.

Связанные Статьи