Пуэрто-рикалық Луиса Фонси мен Дэдди Янки есімді әншілердің орындауындағы «Despacito» әніне түсірілген бейнеклип 4 млрд-тан астам көріліп жинап, рекорд орнатты, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл — әлеуметтік желіде дәл осындай көрілім жинаған алғашқы бейнеклип.
Аталған бейнеклип 12 қаңтарда Youtube желісінде жарияланған, яғни небәрі 10 айдың ішінде 4 млрд-тан астам көрермен көрген. Қазіргі кезде бейнеклипті көргендердің нақты саны 4 013 550 391.