Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

/uploads/thumbnail/20171012075840363_small.jpg

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жаууы ықтимал, солтүстік-батыс пен оңтүстікте  қатты жауын жауады. Солтүстік, шығыс пен қиыр оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 17-22 м/с. Қызылорда облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында  желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарында желдің ұйытқуы 23 м/с.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи