Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне кандидат Сооронбай Жээнбековті президент болып сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Назарбаев Жээнбеков басқаратын Қырғызстанның жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.
«Мен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынастың бұдан ары да екі ел игілі үшін дами беретініне сенімдімін. Сізге жауапкершілік жүктелетін мемлекеттік қызметте денсаулық және табыс, ал бауырлас қырғыз халқына ашық аспан және амандық тілеймін» делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда өткен президент сайлауында 54 пайыздан астам дауыс жинады. Оның басты қарсыласы Омурбек Бабанов сайлаушылардың 34 пайызға жуық даусын иеленді.
Оставить комментарий