Кентау әкімінің орынбасары Берік Қынатов 3,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті мәліметіне сүйеніп.
"Өз қызметін асыра пайдаланып, әкімдікке есеп беретін кәсіпорынға жетекшілік етіп, "Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық модернизациясы - 2020" бағдарламасы аясында тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізген мердігер ұйымдардың мүдделерін заңсыз қорғады", - деп хабарлады департамент басшысының орынбасары Әбілқасым Жорабеков.
16 қазанда Берік Қынатов 3,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып, Түркістан ІІБ уақытша тергеу изоляторына жабылды.