Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170816183131719_small.jpg

Ғарыштық түсірілімдерден Қазақстан аумағында суық фронттардың белсенді бұлтты массиві байқалады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

 

 

Алдағы уақытта республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жауын жауады. Суық фронттың артынан Кавказ ауданынан антициклон таралады, соған байланысты республика аумағында жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді.

Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан Батыс Сібірге қарай кезекті циклон жылжып келеді. Ол Қазақстаннан алыс орналасқан болса да, оған кіретін арктикалық атмосфералық фронттар жүйесі 20-21 қазан аралығында республиканың батыс және солтүстік облыстары арқылы жылжитын болады, соның әсерінен жауын-шашынды болады.

Связанные Статьи