«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты республикалық конкурс өтеді

/uploads/thumbnail/20171003195022068_small.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК   2017 жылғы  27  қазанда мемлекеттік органдар арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»республикалық конкурсын өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру және мемлекеттік органдарда тіл саясатының қолдау табуына ықпал ету.

Конкурсқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған командалар қатысады. Олар«Сәлемдесу», «Жер-судың аты – тарихтың хаты», «Қазақ сөзі», «Үй жұмысы» кезеңдерінен өтеді.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталатын болады.

Связанные Статьи