Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы Шейх-уль-Ислам Аллахшүкір Пашазада бастаған Әзірбайжан делегациясы Өзбекстанда «Ислам ынтымақтастығы: Өзбекстан мен Әзірбайжан үлгісі» конференциясына қатысты. Конференцияда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Республика басшысы мұндай форумдар халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді және этносаралық келісім мен діни толернаттықты нығайтуыдң көрсеткіші екенін мәлімдеді. Сондай-ақ мұндай қарым-қатынас конфессияаралық байланысты да нығайта түспек.
Аталмыш конференцияның тағы бір басты мақсаты – әлемдегі шынайы құндылықтарын насихаттап, исламның нақты гуманистік мақсаттарын айқындау. Сондай-ақ терроризм мен экстремизмді қоса алғанда, бүгінгі қауіп-қатерлердің алдын алу.
Кездесуге қатысқандар заманауи қатерлерді талқылап, жаһандық процестер мен қауіпсіздік тәуекелдерін бағалады. Осы мақсатта тараптар күш-жігерді біріктіруге, этносаралық келісімді нығайтуға және діни толеранттықты нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстарды одан әрі дамытуға әзір екендерін білдірді.
Қавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы Шейх-уль-Ислам Аллахшүкір Пашазада өзбек басшысына өзбек басшысына алғыс білдіріп, Әзірбайжан басшысы Ильхам Алиевтің ізгі тілектерін жеткізді.