Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171005200223511_small.jpg

Қазақстанның солтүстік бөлігі арқылы үлкен жылдамдықпен жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар, демалыс күндері жаңбыр жауып, артынша ол қарға ұласып, кей жерлерде күшті  жел соғуына әсер етеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарында қалыптасқан  жаңа циклон жексенбі күні Қазақстанның батыс өңірлеріне көшіп, дүйсенбі күні орталық және солтүстік аймақтарға жетеді. Циклонмен байланысты температура төмендеп, одан әрі, негізінен, қар түріндегі жауын-шашын солтүстік өңірлерде күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда, алдағы демалыс күндері, атмосфералық қысымның жоғары болуының әсерінен ауа райы жылы, көбіне жауын-шашынсыз болады.

Связанные Статьи