21 қазанға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170904175036352_small.jpg

Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 21 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжауды Казгидромет-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ұсынады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын сақталады, тек оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

     Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/ск үшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар облысында желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі,  желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  Алматы облысында, таңертең және күндіз Оңтүстік-Қазақстан, түнде, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Связанные Статьи