Бүгін еліміздің кей облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі

/uploads/thumbnail/20171022103016187_small.jpg

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан,  Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.  Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Связанные Статьи