Алматы әкімі қалалық арық желісінің құрылысын тексерді

/uploads/thumbnail/20171023113954914_small.jpg

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапарының аясында қалалық арық желісінің құрылысы мен реконструкциялану барысын тексерді, деп хабарлайды.

Жұмыс сапары аясында Алматы әкіміне Алатау ауданының Алғабас шағын ауданында суағар желісі мен су бұру жүйесін салу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Ауданда шамамен 7 шақырым болатын арық жиектерін салу жұмыстары аяқталды.

«Теплоэнергетика» және «Энергостроитель» саяжай массивтерінен өтетін Қарғалы өзенінің бойында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзен бойының 1300 метрі темірбетонмен күшейтіледі. Өзен арнасын механикалық тазалау бойынша жұмыстар аяқталды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Наурызбай ауданындағы Надыров, Тәжиев, Күлбеков және Сланов көшелеріндегі 4 шақырымдық арық желілерінің құрылысымен де танысты. Онда жолдарды асфальттауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бостандық ауданы Бағанашыл шағын ауданы және Медеу ауданының Таир көшесі бойынша, Жетісу ауданының «Малая алматинка» өзені бойынан Волочаевская көшесі бойындағы қоршауды күшейту бойынша құрылыс жұмыстарының барысы тексерілді.

Бұл учаскелерде габионды конструкциялардан жасалған қорғаныс қабырғалары орнатылып, жер асты жұмыстары жүріп жатыр.

Жетісу ауданындағы бөктер 345 метрге созылып жатыр. Құздың биіктігі 7 метрге дейін жетеді. Қазіргі уақытта барлық жөндеу жұмыстары аяқталды.

Медеу ауданында көлбеу бөктерлердің ұзындығы 470 метрге жетеді. Қазіргі таңда учаскеде металлды қоршауларды, бетон блоктарды, ағаштан істелген шаруашылық қора-жайларды демонтаж жасау жұмыстары өткізілуде.

Бұл жұмыстар жоспар бойынша осы жылдың қараша айында аяқталмақ. Тек жер асты суларының пайда болуынан жұмыстар ұзақ уақытқа созылып кетуі мүмкін екендігі айтылуда.

Связанные Статьи