Алматыда қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталды

/uploads/thumbnail/20171023114942766_small.jpg

Алматыда қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталды. Бүгін қала басшысы  Бауыржан Байбек нысан құрылысы барысымен танысты.

Жаңа нысан еуропалық жабдықтармен жабдықталады.  Экономикалық есептеулерге сәйкес, компанияның өндірістік қуаты Алматы қаласының қажеттілігін толығымен өтейді.

Қалдық сұрыптау кешенінің құрылысы «Green Recycle» ЖШС жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылады.

Сұрыптау барысында қайта пайдалануға жарамды компоненттер таңдалады.

Жылына 550 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт 2018 жылдың жазында пайдалануға берілмек.

Алматы әкімінің айтуынша, тұтастай алғанда қалдықтарды сұрыптау кешенінің пайда болуы өнеркәсіптің дамуына серпін береді және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартады.

«Мемлекет басшысы қала экологиясы мәселесіне ерекше назар аударады. Алматы қаласының даму бойынша соңғы кездесуінде Мемлекет басшысы қоқыс проблемасын жүйелі түрде шешу, оны кешенді өңдеуді және пайдаланудың толық циклін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Зауыттың құрылысы біз үшін басым жоба болып табылады, бұл ЭКСПО-2017 мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін маңызды бағыт. Қазір біз бірінші кезекте қоқысты іріктеп, одан кейін оны қайта өңдеуге мүмкіндік беретін жүйені құрып жатырмыз», - деді қала әкімі.

Алматы қаласының әкімі жұмыс сапарының аясында Алатау ауданында орналасқан Индустриалды аймақтың жұмысын тексерді. Бүгінгі таңда Индустриалды аймақта жалпы құны 191 млрд теңге болатын 40 жоба тіркелді. Қала әкімдігімен индустриалды аймақтарды жаңа жобалармен толтыруды арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылысы «Green Recycle» ЖШС жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Сұрыптау үрдісі барысында қайта пайдалануға жарамды компоненттер таңдалады.

Жылына 550 мың тонна қуаты бар зауыт 2018 жылдың жазында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Алматы әкімінің айтуынша, тұтастай алғанда қалдықтарды сұрыптау кешенінің пайда болуы өнеркәсіптің дамуына серпін береді және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартады.

«Green Recycle» ЖШС директоры Дмитрий Данильченконың айтуынша, сұрыптау  кезінде  пайдалы құрамдар екінші рет қолдануға іріктеліп алынады, ал  жарамсыз материалдар  полигонда көміледі.

Аталмыш әлеуметтік маңызы бар жоба жеке есептің қаржысына жүзеге асырылады: инвестиция көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.  Алдын ала есеп бойынша  қоқыс сұрыптау кешенінің шығынын   2025 жылға дейін өтеу жоспарланған.  Жыл сайын  мемлекеттік бюджетке түсім  500 млн теңгені құрайтын болады. Жобаны жүзеге асыру  600 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Связанные Статьи