Алматыда тұрғын үй кешенінің және бизнес орталығының құрылысын мақұлдады

/uploads/thumbnail/20171023120226393_small.jpg

Алматы қала құрылысы кеңесі көппәтерлі үш тұрғын үй кешенінің және бизнес орталығының құрылысын мақұлдады.

Осы нысандарды салуға 74,8 млрд. теңге көлемінде жеке инвестиция тартылады.

Қалада игерілмеген 9,9 га жерде жалпы аумағы 188 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтереді. Пайдалануға 2787 орындық автотұрақ пен төрт орта білім беретін мектеп беріледі.

Бостандық ауданында 21 қабатты «Сейфуллин» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады. Кешен ішінде 120 орындық балабақша орналасады.

Жобада ландшафтық аулалармен ұсынылған жерасты автотұрақ бар. Құрылыс жұмыстары 25 ай ішінде аяқталады.

Компания әлеуметтік жауапкершілік аясында 160 орынға арналған балабақша салып, оны коммуналдық меншікке бермек.

Сәтбаев пен Абай даңғылдарының арасында Тілендиев көшесінің батысына қарай 12 және 16 қабаттық 19 тұрғын үй кешені салынады. Кешен аумағы үш аймаққа бөлінген. Оның ішіне аула, қоғамдық кеңістік және 200 орындық қолжетімді балабақша болады. Құрылыс жұмыстарына 36 ай уақыт берілген.

Сонымен қатар, Бостандық ауданында Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында Парк-офис жобасы іске асырылатын болады.

Әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақта құрылысқа тыйым салынғандықтан, ғимараттың биіктігі 12 метрден аспайды.

Әуезов ауданындағы №3 шағын ауданда төрт 9 және 12 қабатты тұрғын үй кешені пайда болады. Кешенде екі деңгейлі жерасты паркинг пен 60 орынға арналған балабақша салу жоспарланған. Нысандар 20 айда бой көтереді.

Жобаларды қарау барысында басты басымдық көлік тұрағы санына, ішкі әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, үйлердің сыртын жарықтандыруға, кішімобильді топтарға жағдай жасауға, алаңдарды жасылдандыруға беріледі.

Связанные Статьи