Алматыда өтетін тегін концертте Рамазан Стамғазиев өнер көрсетеді

/uploads/thumbnail/20171024163429506_small.jpg

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры 2017 жылдың 26 қазанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Акт залында  таңғы сағат 11-де «Халық мұрасы» атты ән, күй, жыр кешін өткізеді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

qamshy.kz

Концертке Рамазан Стамғазиев, Рымкеш Жұмаділова, Еркін Шүкіманов, Ұлжан Байбосынова, Ардақ Исатаева, Жоламан Құжиманов, Мұрат Абуғазы, Аманкелді Күзеубай, Өркен Дүйсен, Шолпан Даржанова, Айгерім Қараменова және тағы басқа өнер қайраткерлері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультетінің студенттері қатысып, қазақтың дәстүрлі әндерін ұлттық музыкалық аспаптармен – домбырамен, қобызбен, сыбызғымен, шертермен орындайды.  

Концерттің мақсаты – қаладағы әртүрлі жамағат өкілдеріне, ислам дініне бет бұрып жатқан жастарға, шаһар тұрғындарына ата-бабаларымыздан қалған рухани мұраны дәстүрлі әндер арқылы насихаттау. 

Іс-шараға Алматы қаласының зиялы қауымы, әртүрлі діни жамағат мүшелері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысады. Кеш соңында қонақтарға арнап кофе-брейк ұйымдастырылады.

Салтанатты іс-шараның есігі кез келген өнерсүйер қауымға ашық.

Оставить комментарий

Связанные Статьи