Астанада 25 қазанда жаңадан құрылған "Қазақстан Медиа Альянсы" қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтай жиыны өтті. Бұл жиында Арманжан Байтасов “Қазақстан Медиа Альянсының" басқарма төрағасы болып сайланды. Бірлестік биыл қазанның басында ресми түрде тіркелген еді.
Жиында қоғамдық бірлестікті құрастырушылардың бірі Арманжан Байтасов БАҚ, баспасөз, медиа-менеджер қызметкерлерінің жаңа кәсіби ұйымы медиа-қоғамдастық және PR саласының өкілдерін, мәдениет, білім және саясат қызметкерлерін біріктіруге жұмыс істейтінін айтты,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық сайтына сүйене отырып жазады.
Құрылтайшыларының айтуынша, "Қазақстан Медиа Альянс" журналист бостандығы мен құқығын және БАҚ тәуелсіздігін қорғау, Қазақстан журналистерін әлеуметтік қорғауды, шетелдегі журналистер мен БАҚ-тың қоғамдық бірлестіктерімен халықаралық байланысты дамыту үшін құрылған. Ұйым бұған қоса медиа-қоғамдастық қызметін реттейтін құқықтық-нормативті актілерді даярлауға қатыспақ.
Қазақстан медиа альянсының құрамына Қазақстанның БАҚ, PR басшылары, белгілі журналистер мен блогерлер, медиабизнес, жарнама және баспасөз саласының өкілдері кірген. Олардың ішіне: Батыр Қазыбаев, Ерлан Бекхожин, Ерлан Карин, Шамшидин Патеев, Нұртөре Жүсіп, Нұржан Мухмеджанова, Дана Орманбаева, Айдар Жұмабаев, Виктор Кияница, Михаил Дорофеев, Арман Шураев, Бейбіт Әлібеков және Асқар Омаровтар бар.
Арманжан Байтасов: «Медиа Альянс БАҚ-а қызмет ететін кез келген журналистің құқығын қорғау үшін аянбай жұмыс істейді»,-деді. Оған қоса Байтасов қазіргі кезде Медиа Альянстың үш мәселеге баса назар аударып отырғанын атап өтті, оның бірі: «БАҚ туралы заңды қайта қарау ұсынысы, бұл тақырып соңғы кезде көтеріліп жүрген маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан жақын арада өзгеретін бұл заңнамаға біздер де өз үлесімізді қосқымыз келеді. Қазіргі кезде біздің ұйым Ақпарат және коммуникация Министрлігімен тығыз қарым-қатынаста. Менің ойымша, министрлікке де заңды мықтап түсінетін сапалы серіктес керек»,- деді.
Оставить комментарий