Президентке ұқсайтын астаналық тұрғын баспанасыз қалмақ (фото)

/uploads/thumbnail/20171026124651901_small.jpg

Елбасыға ұқсайтын астана тұрғыны Бауыржан Тоқпановтың отбасы далада қалуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

57 жастағы Бауыржан Тоқпанов Астанада 1996 жылдан бері тұрады. Енді ол 14 жылдан бері тұрған пәтерінен айырылуы мүмкін.

«Мені көргендердің барлығы президентке ұқсайтынымды айтып, оның сыңары деп суретке түсіп жатады. Көпшіліктің көзіне үнемі түсетінмін. Алайда дәл қазір жағдайым қиын кезде мені ешкім естімей отыр», - деп күрсінеді Бауыржан.

бақ.кз

Оның айтып отырған әділетсіздігі, 2003 жылы отбасымен бірге көшіп келген Астанадағы Күйші Дина көшесіндегі пәтерінен шығарылуы.

«Өзімнің жалғыз баспанамды сатып, 2003 жылдың мамыр айында 25 мың долларға «Акмоласвязьстрой» АҚ үлескерлік құрылыс компаниясынан пәтер сатып алдық. Ақшасын төлеп, құжаттарды рәсімдеп, жаңа үйге кірдік. Бұл біздің жалғыз пәтеріміз. Енді 14 жыл өткенде бізді пәтерімізден шығарып жатыр. 2003 жылы жасалған келісімшарт жарамсыз деп танылды», - дейді ол.

Оның айтуынша, 2011 жылы «Акмоласвязьстрой» компаниясының бұрынғы және жаңа басшылығының арасында келіспеушіліктер туындап, содан соң бұрынғы бас директорға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бауыржанның айтуынша, ол келісімшартты дәл сол кісімен жасасқан.

«Белгілі болғандай, ол біздің пәтер үшін төлеген ақшамызды өзі алып қойған. Біз ол туралы білмедік. Бізге ешкім пәтерімізге қатысты қандай да бір проблемалар бар екенін айтпады», - дейді отағасы.

Сот бұрынғы бас директордың «Акмоласвязьстрой»-ға зиян тигізгенін анықтап, сонымен қатар Тоқпановтардың отбасы да пәтерді иеленуі үшін ақша төлегенін, бірақ олардың бас директордың ақшаны иемденгенін білмегені дәлелденген.

«2012 жылы ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін істі болған басқарушы биыл пәтерді алу туралы арыз жазылды. Енді сот біздің пәтерімізге қатысты жасалған келісімшарттардың барлығын жарамсыз деп танып, баспанамыздан шығаруда. Судьялар заңды бұзатын болса, мұндай заңдардың не қажеті бар? Азаматтық кодекс бойынша, АҚ заңды тұлға ретінде қарамағындағы атқарушы орган мен лауазымды тұлғаның іс-әрекеттеріне өзі жауап беруі тиіс. Бас директор оларға мүліктік залал келтірсе, онда олар бұл жайтқа бізді араластырмай шешуі керек еді ғой. Біз заң бұзған жоқпыз. Бас директорлар бір-бірін тонайды да, ол үшін мен кінәлі болады екенмін», - деп күйінеді Бауыржан.

19 тамызда Тоқпановтар отбасын пәтерден шығару туралы сот үкімі шыққан.

«Сот орындаушысы келіп, 14 қыркүйекте бізді күштеп пәтерден шығарғысы келді, бірақ қазір біз қалада болмағандықтан, оны жүзеге асыру мүмкін емес. Мен тіпті қайда баратынымды да білмеймін? Бомж боламыз ба? Біздің басқа баспанамыз жоқ. Біз адал сатып алушымыз, қылмыскер емеспіз. Немесе бір ғана шешімім бар – соттың заңсыз шешіміне қарсы алаңға шығып өзімді өртеу. Судьялар бізді үйімізден және тіркеуден айырды. Мен криминалды жолға түсуім керек пе? Менің қандай кінәм бар екенін маған ешкім түсіндірмеді. Менің бас директорға ақша төлегенім дұрыс емес пе? Бірақ, кешіріңіздер, бас директор ол матриалды жауапты тұлға. Мен алаяқтықтың құрбаны болдым», - дейді ол.

Бауыржан Жоғарғы соттың коллегиясына хат жазыпты. Сонымен қатар, ол ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа істің мән-жайын анықтауға көмектесуін сұрап жүгініпті.

«Мен қайда барарымды білмеймін. Әйеліме «үйден кетіп қал, мен газды ашып жіберемін» дедім. Бірақ көршілер бар ғой, олардың не кінәсі бар деп ойладым. Менің жоғалтатын ешнәрсем қалмады. Өлуден де аянбаймын», - дейді Бауыржан.

Связанные Статьи