Өзбекстан мектептеріндегі зорлық-зомбылық

/uploads/thumbnail/20171026151957199_small.jpg

Соңғы уақытта Өзбекстан білім жүйесінде зорлық-зомбылық проблемасы өршіп тұр. Осы жылдың өзінде бір емес, бірден үш қылмыстық іс қозғалды: Сурхандар облысындағы балабақшадағы тәрбиеленушілерге қатысты іс, Жасур Ибрагимов есімді медициналық колледж студентінің өлімі, сонымен бірге соңғы болған заң коллежіндегі пышақтау қылмысы орын алып нәтижесінде жасөспірім қаза болған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Узбекистан-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Өзбекстан астанасының тұрғындары мектептердегі зорлық туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған, тіпті бірінші, екінші сынып оқушылары сыныптан шығуға қорқатынын жеткізген.

Ташкент қаласының құқық қорғау органдарының мәліметінше, осы оқу жылы басталысымен лицей және колледж студенттерінен барлығы 23 пышақ, балта, травматикалық пистолет алынған.

Жасөспірімдер арасындағы, мектептегі қылмыстардың көбеюі нәтижесінде колледждер мен лицейлерде меттал детекторлары қойылып, тіпті оқуды электорнды жүйеге көшіру де қолға алынған.

Связанные Статьи