АҚШ президенті Дональд Трамп елде есірткіге байланысты төтенше жағдай жариялайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
«Келесі аптада есірткіге байланысты елде төтенше жағдай жарияламақпын. Апиынға байланысты қауіпті жағдай орнап тұр»-деп мәлімдеді ол Fox Business телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Мексика мен АҚШ арасына қабырға орнатудағы басты қажеттілік дәл осы есірткінің таралуына байланысты. Президент заңсыз иммиграцияның алдын-алу үшін Мексика шекарасына қабырға орнатанына уәде берді.