Желіде Киевте орын алған жарылыстың видеосы пайда болды. «Эспрессо» телеарнасы ғимаратының алдында орын алған жарылыста бес адам зардап шеккен. Соның ішінде депутат Игорь Мосийчук те бар. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Айта кетейік, 25 қазанда Киевтің орталығында жарылыс болған. Онда Рада депутаты жараланып, ал оның оққағары көз жұмған. Орын алған жағдай теракт ретінде бағаланды.