Аляскада Бернерс жағалауында белгісіз теңіз тіршілік иесінің қалдықтары табылды. Бұл туралы The Sun хабарлайды. Осы аумақтың тұрғыны жарты метр болатын ақ түсті объекттің жағалауда жатқанын байқаған. Бастапқыда бұл теңіз жануарын скат деп ойлаған, алайда анықтап қарағанда теңіз жануарларының бірінің іш құрылысы деген болжау жасаған. Тұрғынның айтуы бойынша, табылған қалдықтан аммикатың иісі шыққан.
Мамандар арнайы сараптамасыз ешқандай мәлімет бере аламайтындықтарын жеткізді. Олар табылған заттың теңіз акуласының іш құрылысы, бауыры болуы мүмкін деген болжам айтты. Алайда бұл жағдайда теңіз жануарының қалдықтары жағалауға қалай шығып кетуі мүмкін деген сұрақ туындайды.
