«Қырғыз мемлекеті Бақытжан Сағынтаевтың сөздеріне байланысты арнайы мәлімдеме жасайды. Себебі біздің де айтарымыз бар», - деп мәлімдеді Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков Ереванда (Армения) өткен ЕАЭО үкіметаралық кеңестің отырысында деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азатыққа сілтеме жасап.
"Менің тек бір ғана айтарым, шекарадағы ұзын-сонар кезек екі елдің азаматтарының да ашу-ызасын туғызып отыр. Шекарадан тек ғана қырғыз көліктері емес, қазақстандық, үшінші елдің де көліктері өтеді", - деді қырғыз премьері.
Еске сала кетейік, Қазақстанның үкімет басшысы шекарадағы жағдайға қатысты тексеру әдейі жасалмағанын, бұрыннан бері айтылып келе жатқанын, қырғыз тараптан заң бұзушылықтар орын алатыны дәлелденіп жатқанын айтқан.