Сенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171028093809140_small.jpg

Атмосфералық фронтальды ағымдардың өтуіне байланысты сенбі күні республиканың батысында қар жаууы мүмкін. Қар сонымен қатар елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында жауады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, боран соғады және көктайғақ болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке»  сілтеме жасай отырып.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Атырау мен  Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 минут болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін жүйткиді.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында боран соғып, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, таң ата түман түседі.

Павлодар облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

 

Связанные Статьи