Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру мәселеcі қаралды

/uploads/thumbnail/20170828175827801_small.jpg

Астана қаласында өңірлік ақпарапттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған «Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» тақырыбы бойынша екікүндік оқыту симинары  өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіннің Дін істері комитеті ұйымдастырды.

Семинардың басты мақсаты  дін саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының тиімді жұмыс істеу әдістерін анықтау мен талқылау.

Аталған іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті басшылығы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР Қлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының өкілдері, Мәденитеттер мен діндердің халықаралық орталығы, өңірлік дін істері басқармалары және Дін проблемаларын  зерттеу орталығының басшылары, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, барлық өңірден ғалымдар, теологтар, дінтанушылар қатысты.

Семинардың бірінші күні Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Е.А Оңғарбаев өз сөзінде: «Экстремизммен күрестің басты құралы ретінде ақпараттық түсіндіру топтары жұмыстарының тиімділігін арттыру қажет»,− деді. Ол, сонымен қатар семинарда алған білімді көпшілік ішіндегі арнайы топтармен жұмыс жүргізуде пайдалануды ұсынды.

Сонымен қатар, бұл күні семинарда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Әлеуметтік басқару технологиялары» кафедрасының профессоры, Е.А. Шаханов және де Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» директоры И.К. Беркімбаева өз тренингтерін өткізді.

Семинардың екінші күні өңірдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының өзара тәжірибе алмасуларына, тиімді әдістермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналды. Сонымен қатар, өз сөзінде дін істері комитеті төрағасының орынбасары А.С. Әбілдинова жекелеген аймақтарда халық арасындағы мақсатты топтармен жұмыс жүргізудегі тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.  Бұған қоса, ол ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен  алған білімдерін аймақтарда бөлісуге шақырды.

Сондай-ақ, ҚБ «Аңсар» оңалту орталығының жетекшісі А.Қ. Сабдин ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар мен деструктивті діни ағымдардың құрбандарын оңалту тақырыбында тренинг өткізді.

Екікүндік семинар барысында ақпараттық-түсіндіру тобының қызметінің түйіткілді мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті. Өзекті мәселелер анықталды. Мақсатты топтың арасында неғұрлым тиімді жұмыс әдістерін жүргізу қаралды.

Іс-шара соңында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі атынан өңірлік дін істері басқармасының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар және қазіргі заманғы гаджеттер табыс етілді.

Связанные Статьи