Атырау прокурорлары латын графикасын үйренуде

/uploads/thumbnail/20171030093401221_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Осыған орай, Атырау облысы прокуратурасында жаңа латын әліпбиін үйрену бойынша оқу сабағы өткізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуынша, мемлекеттік органдардың қызметкерлері жаңа әліпбиді бірінші кезекте білу керек, өйткені ертең дәл осы лауазымды тұлғалар азаматтарды қабылдап, олардың өтініштері бойынша жауап береді. Сондықтан қазірден бастап жаңа талаптарға дайындалу қажет.

«Мемлекет өкілдері ретінде біздер латын алфавитін айқын, нақты және сауатты біліуіміз керек» – деді ол.

Латын графикасына көшу қазіргі заманғы шындыққа негізделген, коммуникацияның техникалық ерекшеліктері латын графикасының қажеттігін көрсетіп отыр. Іс жүзінде барлық технологиялық дамыған әлем көбіне латын графикасын қолданада.

Қазақстан үшін бұл тарихи сәт. 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшу туралы мемлекет басшысы 2012 жылғы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында атап өткен. 

Сабақты Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы Гүлфайруз Қайырғалиева өткізді. Ол прокурорларға жаңа әліпбидің ерекшеліктерін, оның тарихи мағынасын және қазақстандықтардың өміріндегі бұрынғы латын графикасы туралы айтты.   

Прокурорлармен осы тектес оқу сабақтары алдағы уақытта да өтіп тұрады.                                                                  

Связанные Статьи