Содырлар үкімет мүшелері қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін келген қонақ үйді қоршауға алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Конференцияда "Аш-Шабаб"-пен күрестің бірыңғай стратегиясы қабылдануы тиіс еді.
Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, шабуыл алдында қонақ үйдің жанына жүк көлігі тоқтаған. Оның жүргізушісі көлігін жөндеп жатқандай сыңай танытқан. Одан кейін жанкешті көлікпен қонақ үй шарбағына соғылып, өзін жарып жіберген. Сол уақытта содырлар ішке кірген.
Агенттіктің мәліметінше, содырлардың шабуылы нәтижесінде 23 адам көз жұмды. Әйел мен үш кішкентай баланың өлі денесі табылған. Оның ішінде сәбиде бар. Полицейлер олардың бастарына атылғанын оқтың салдарынан көз жұмғандарын айтады.
Полиция 30 адамды құтқара алды. Содырлармен атыс жексенбі таң ертеңгі уақытқа дейін созылған. 20-дан астам оның ішінде үкімет мүшелері қонақ үйде тұтқында болған. Оларды содырлар өлтіріп тастауы мүмкін. Көз жұмғандардың нақты саны ғимаратты толық тексеріп шыққаннан кейін хабарланады.