Қытайда 14 жастағы сәнбике тым қатал ережелерге төзе алмай көз жұмды

/uploads/thumbnail/20171030143545173_small.jpg

14 жасында Шанхайда қаза тапқан ресейлік сәнбикенің анасы ол жұмысқа орналасқан сән агенттігінің талаптары өте қатал екендігін айтып берді. БАҚ құралдары өлім себебін анықтауда. Анасының айтуынша, жасөспірім Қытайға 3 айлық келісімшарт бойынша кетіп, қатты арып-азудың нәтижесінде көз жұмған. Алайда дәрігерлер өлім себебін менингитпен байланыстырып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сүйене отырып жазады.

Қайғы жамылған анасы қызының кәсіби маман болғысы келгендіктен, Қытайға келісімшарт бойынша баруына рұқсатын бергенін айтты. Әрине, олар бұл шарттың тым қатал боларын білмеген, мәселен:

«Қызым маған қоңырау шалғанда: «Мама, мен шаршадым, қатты ұйқым келеді» деп айтатын, мен оның дәрігерге көрінуін сұрадым»,-дейді. Ол тіпті, қызына көмегін көрсету үшін Шанхайға келмек болған, алайда үлгере алмаған.

Mirror басылымының хабарлауынша, бойжеткен шындығында да «құлдық келісімшартпен» жұмыс істеген. Оған қоса, осы кезде бойжеткеннің медициналық сақтандыруы да әлі болмаған. Қыздың жан тапсыруына Шанхайда өткен Asian Fashion апталығында 13 сағат үздіксіз сән үлгісін көрсету іс-шарасы себепкер болуы мүмкін. Алайда басқа ақпарат көздеріне сүйенсек, қыз зергерлік бұйымдарды көрсету кезінде өзін нашар сезінген.

Үйренушілердің Шанхайдағы кураторы Эльвира Зайцеваның айтуынша: «қыздар үздіксіз жұмыс істеген жоқ, керекті образды суретке түсіріп болғасын, олар басқаша шаш үлгісін жасатады. Одан кейін түскі ас  ішеді. Қайғылы оқиға қатты шаршағандықтан болуы мүмкін емес, Вика анасына шағымданып жүргенін білемін. Бірақ ол осы уақыттың өзінде ауырып жүрген болатын, сондықтан оның өліміне ешкім де кінәлі емес»,-деді.

«Барлығы аяқ астынан төңкеріліп кетті, ешқандай да 13 сағаттық жұмыс болған жоқ. Ол топтама үшін суретке түсіп жатқан. Сол кезде ол өзін нашар сезініп, температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, оны бірден ауруханаға жеткізді, өкінішке орай дәрігерлер оның бойынан қауіпті вирус тауып, шарасыз қалды»,- деді сәнбикелердің кураторы.

«Известия» басылымы қазірде Қытайда жан тапсырған 14 жастағы қыздың өлімі жөнінде тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. 

Связанные Статьи