Алматы облысы әкімі Ұйғыр ауданының атауына байланысты пікір айтты

/uploads/thumbnail/20170906141645917_small.jpg

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге еш негіз жоқ екенін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы мәселе көтерілген жоқ, әзірге көтерілмейді де. Бұған байланысты қазір бірталай мәселе бар, болашақта мүмкін көтеріліп қалар. Бірақ дәл қазір ондай мәселе жоқ, — деді облыс әкімі Баталов.

Айта кетсек, Ұйғыр ауданы – Алматы  облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы сөз қоғамда оқтын-оқтын айтылып қалып жүр. Мәселені көтеріп жүргендердің айтуынша, бұл жердің тарихи атауы — Шарын, ұйғыр ауданы деген кеңес үкіметі таңған сөз.

Айта кететін болсақ, Ұйғыр ауданы Қазақстанда диаспора атымен аталатын жалғыз аудан.

Связанные Статьи