Медеу қонақтары конькимен сырғанауды осы жексенбі күні тегін үйрене алады.
Қарашаның 5- і күні «Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары өткізіледі.
20-ға жуық тәжірибелі жаттықтырушылар кез келген «Медеу» қонақтарын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйрететін болады. Сонымен қатар, қонақтарға жобаны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарламалар өткізілетінін хабарлайды.
— Коньки тебуді үйренгісі келіп жүргендер көп болды. Көбінесе кішкентай балалармен қыздарға көмек көрсеттім. Нәтиже жаман емес, — деді нұсқаушы Олжас Мынбаев.
Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу Медеудегі прейскурантка сәйкес беріледі. Бұл конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-і дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылады.
— Мен коньки тебуді ұмытып қалыппын, нұсқаушылардың көмегіне жүгініп, біраз нәрсені үйрендім. Оларға алғыс білдіремін. Бұл жерде коньки тебе алмай жүргендер өте көп, сондықтан нұсқаушылардың болғандары өте дүрыс, — деді Балғын Серікбаева.
Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын үстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.
"Спорттық Алматы" бағдарламасы жаппай спорт түрін дамытуға, белсенді спорттық демалысты насихаттауға бағытталған.