Алматы облысында пара алғаны үшін мектеп директоры сотталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қазан күні Райымбек аудандық №2 соты пара алғаны үшін аудан мектептерінің бірінің директорына қатысты үкім шығарды.
Сот мектеп директоры қол астындағы қызметкерден жұмысқа орналастырғаны үшін 100 000 теңге көлемінде пара алғанын анықтады.
Ол 5 000 000 теңге айыппұл салу, мүлкін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет иелену құқығынан айыру жазасына кесілді.
Сотталушымен айыбын мойындау түріндегі процессуалдық келісім жасалған.